Агенттік төрағасының айтуынша, үшінші іріктеудің ерекшелігі мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, мақсатты іріктеу жүргізу болмақ.
Осылайша, кезекті іріктеу 6 негізгі сала бойынша жүзеге асырылады:
• Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
• Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
• Сыртқы саясат және инвестициялар;
• Экономикалық және қаржылық саясат;
• Цифрландыру;
• Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
Сондай-ақ биыл үміткерлермен әңгімелесуді міндетті түрде салалық орталық органдар өкілдерінің қатысуымен өткізу тәжірибесі енгізілуде.
Брифинг соңында МҚІА төрағасы жастарды іріктеуге белсенді қатысуға шақырып, кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа легін қалыптастыру маңыздылығына тоқталды.
Атап өту керек,2019 және 2021 жылдары резервке алынған 350 адамның 264-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді, яғни жалпы санның 75%-ы жұмысқа орналастырылды.