«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ табиғи ресурстар және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік, №2-4, негізгі қызметкердің 2025 жылдың 22 шілдесіне дейін бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар).
Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағанды облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Қоршаған орта
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Орман шаруашылығы
- Балық шаруашылығы
- Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
Функционалды міндеттер
II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын, «Жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру», бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Методикалық басшылықты ұйымдастыру және құрылыс, өңдірістік объектілерді реконструкциялау жобаларын қарастыру және экологиялық қорытынды беру кезеніңде Қазақстан Республикасының жобалық ұймдарымен өзара әрекет жүргізу. Құрылыс жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуіне қоғамдық тыңдаулар өткізу. Мемлекеттік орман саясатын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Мемлекеттік орман қорын күзетуді, қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын орындау бойынша ведомстволық бағынысты орман шаруашылығы мекемелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау. Балық шаруашылығы су айдындарын және аңшылық алқаптарын бекіту туралы облыс әкімдігі қаулыларының жобасын дайындау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік орман қоры аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша орман шаруашылығы саласындағы ведомстволық бағынысты орман шаруашылығы мекемелерінің қызметін үйлестіру. Ормандарды молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Орман қоры аумағында орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес және оның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу, аяқталған объектілердің орындалу барысын бақылау және қабылдау. (блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
smailova_ms@krg.gov.kz
- Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13
-
8(7212) 501525 (6818)