Тұрғындармен кездесу: ҚР Президентінің жолдауы талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты жолдауын іске асырылып жатқанын түсіндіру бойынша жиыны өтті.
Жиынға Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Санбаев Бахтияр Жуматайұлы арнайы келіп қатысты. Ардагерлер, мекеме және кәсіпорын басшылары, БАҚ өкілдері, жастар, қала тұрғындары қатысты.
Жиынды Д.Жиенбаев алғы сөзімен ашып, азаматтық қоғамды жандандырып, әрбір қазақстандықтың ертеңге деген сенімін нығайтып, әр отбасының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Жолдаудың мән-мазмұнына тоқталып өтті.
Келесіде Бахтияр Жуматайұлы сөз алып, Президент Жолдауында айтылған басым бағыттар мен маңызды бастамаларды тілге тиек етіп, әділетті қоғам, қуатты мемлекет құру мақсатындағы ілкімді қадам, ауқымды жұмыстарды атады.
Жиын соңында Дархан Сәулеханұлы ауданымызға арнайы келіп, Жолдауды талқылауға қатысқан өкілге алғыс білдірді.
Сонымен қатар басқарма басшысы Б.Ж.Санбаев жеке қабылдауын өткізді.