ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бахтияр Санбаев депутаттар алдында баяндама жасады.
Нұркен Қобжановтың төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы 2023 жылғы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселесін қарастырудан басталды. Депутаттық корпус алдында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев баяндама жасады. Ол қаражаттың қайда және қалай жұмсалатыны және ауқымды жобалардың қалай жүзеге асырылатыны туралы айтып берді. Басқарма 5,8 млрд теңге сомасына жоспарлаған 40-тан астам іс-шараның 18-і сәтті аяқталды.
Бахтияр Санбаев Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
"Нұра өзені бойынша санация жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, Қарағанды қаласында реттеуші құрылыстарды жайластыра отырып, үлкен Бұқпа өзенінің арнасын санациялау жұмыстары басталады. Мердігер ұйым- "Гидро Құрылыс" ЖШС. Сондай-ақ, Тоқырауын өзенін санациялау және Молодецкий кентіндегі жаңа көпірден Волховское кентіндегі өзеннің сағасына дейінгі ұзындығы 9 км Нұра өзенінің арнасын санациялау бойынша жұмыс жобалары әзірленуде».