Жиналыс 2023 жылғы өрт қауіпі бар кезеңдердің қорытындысы мен 2024 жылға жоспарлар жайлы

2023 жылғы 21 қарашада Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы (Испекция) басшысының төрағалығымен Қарағанды облысының мемлекеттік орман қорында 2023 жылғы өрт қауіпті кезеңнің қорытындылары және 2024 жылға арналған міндеттер туралы кеңес өткізілді. Кеңеске Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының және осы мекеменің ведомствалық бағынышты құрлымдарының (орманшаруашылығы) басшылары, Қарағанды облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары, Қарқаралы, Бұйратау МҰТП және Қорғалжын қорығының директорлары, сондай-ақ "Қазавтожол" АҚ, Қарағанды теміржолы өрт сөндіру өкілдері қатысты.
Кеңесте барлық мекемелер өрт қауіпті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Осы жылдың жаз айларында аурайының өте ыстық, құрғақ болуына орай, өрт ықтималдығы жоғары болды. Облыс аумағында өрттің 45 жағдайы тіркеліп, өрттің пайда болу себебі көптеген жағдайларда найзағайдың түсуі, сондай-ақ адамдардың кінәсінен болып отыр. Дала және орман өрттерін сөндіру кезінде барлық мекемелер (ТЖ, инспекция, орман шаруашылықтары, ұлттық парктер, қорықтар, аудандар мен қалалардың әкімдіктері) бекітілген жоспарға, өзара іс-қимыл алгоритміне және бұйрықтарға сәйкес әрекет етуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар ормандарды молықтыру мен қорғауда ҚР қолданыстағы құқықтық актілерін бақылаушы, атқарушы, жеке, заңды тұлғар тарапынан бұлжытпай сақтай отырып, қоян-қолтық жұмыс атқару керек екенін тілге тиек етті.
Табиғи ресурстар басқармасы облыс басшылығына өртке қарсы объектілерді салуға, техника мен арнайы жабдықтар сатып алуға, орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға қажетті қаржы бөлгені үшін алғысын білдірді. Сатып алынған жаңа және заманауи техника, оның ішінде дрондар өртті алдын-ала анықтауда, өрт сөндірушілерді тез арада өрттің ошағына жеткізіп, сөндіруге және өрт сөндіруде орманшылардың қауіпсіздігіне біршама жағдай тудырып отыр деді. Сондай-ақ өрт сөндіру станцияларында орманшылардың жұмыс атқаруына, демалуына, арнайы техникалармен жабдықтарды сақтауына ыңғайландырылып талап бойынша жасалған. Бір сөзбен айтқанда жаныңа рахат, көңілің орнықты тек қана қызметіңді атқар.
Атқарылған жұмысты жан-жақты талқылап, қорытындылай келе, мекеме басшылары а. ж. жіберілген кемшіліктерді назарға ала отырып алдағы жылы орнын толтыру үшін бар күш жігерлерін салатынын атап өтті. Орманды молықтыру, сақтау үшін алдағы жылы Ұлттық парктердің материалдық-техникалық жай-күйін жабдықтап толықтыру, орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық, штаттық бірліктерін қажеттілік нормасына сәйкес жабдықтау, орманшылардың қатысуымен оқу-семинар өткізу, халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік орман қорындағы шекаралас орман алқаптарына жақын орналасқан шаруа, фермерлік шаруашылықтардың ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізуде (шөп, егін шабу, мал бағу) орман қауіпсіздігін сақтауда жауапкершілігін күшейту керек екенін айқындады.