
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев BG Production балық өңдеу өнеркәсібі жөніндегі поляк компаниясының өкілдерімен кездесті. Олар Қарағанды облысының аумағында жаңа жобаны жүзеге асырмақшы. Кездесуге сондай-ақ Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы Ғ.Ж Орақбаев, "kazakh invest "ҰК" АҚ Қарағанды облысының өңірлік директоры М.С Исекеев және "Сарыарқа "ӘКК"АҚ өкілі қатысты.
Инвесторлармен жобаның болашағы талқыланды. Өнеркәсіп технологиясын қарастырды. Балқаш көлінің ресурстары мен құрылымын назарға алды.