Шерубай-Нұра (Топар) су қоймасында балық қырылуы туралы ақпарат

Шерубай-Нұра (Топар) су қоймасында балық қырылуы туралы ақпарат

2023 жылғы 6 шілдеде Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторлары, Табиғи ресурстар басқармасы, ветеринариялық инспекция, Экология департаменті қызметкерлері Шерубай-Нұра (Топар) су қоймасына барды.
Су қоймасының бүкіл акваториясы қаралды, балық қырылу фактісі анықталған жоқ.
Сондай-ақ, Шерубай-Нұра су қоймасынан 500 метр қашықтықта орналасқан «Посохов О.Ф.» ЖК-ге бекітілген Жартас су қоймасының акваториясы қаралып, орташа салмағы 10 гр көксерке балығы шабақтарының қырылу фактісі анықталды.
Балық шаруашылығы субъектісінің қорықшылары балықтарды жинап, жою жұмыстарын жүргізді.
Экология департаменті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су сынамаларын алды.
Балық шабақтарының қырылу себептері туралы қосымша хабарланатын болады.