Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын түсіндіру

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын түсіндіру

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев облыстық ақпараттық топ құрамының мүшесі ретінде Приозерск қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқыланды. Дәріскер ретінде ол ел Президентінің кезекті Жолдауы еліміздің дамуына ықпал ететін көптеген қызмет салаларын қамтығанын атап өтті. Атап айтқанда, экономиканы дамытуға, елдің экологиясы мен табиғи ресурстарын сақтауға басты назар аударылады. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде экономиканың нақты секторларын дамыту қажеттігіне ерекше екпін қойды. Ол салықтық бақылау саласындағы өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын нақтылады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық сақтау саласындағы олқылықтарды жою қажеттігіне ерекше назар аударды. Жолдауды
талқылау барысында қатысушылар басты құжатта қозғалған мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, Президенттің барлық саладағы бастамаларын қолдауға дайын екендіктерін білдірді.