Қарағандыда «Экология және балалар» атты кезекті облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Шараны Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды.
Конференция «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын қолдау шеңберінде экология саласындағы оқушылар мен педагогтардың жобалау-зерттеу жұмыстарының байқауы түрінде өткізілді.
Бұл конференция дәстүрлі түрде Қарағанды облысының мектеп оқушылары мен жалпы білім беретін мектептерінің педагоктары қатысты. Биылғы жылы конференцияға 126 өтініш түсіп, 2-ші турға 101 қатысушы жіберілді.
Әділқазылар алқасының мүшелері жобалардың өзектілігін, практикалық маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар қоқысты қайта өңдеу, жаңа технологияларды қолдану арқылы қоршаған ортаның ластануын шешу жолдарын ұсынды.
Конференцияда 1 орынға ие болған Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Арыстан Сариев жануарларды қорғау бойынша жобасын ұсынды. «Мен әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қосып, өңіріміздің экологиясын сақтауға атсалысуымыз керек деп есептеймін. Жануарлар әлеміне қамқорлық жасауымыз керек, бұл біздің мұрамыз», – дейді Арыстан.
Жүлделер қатысушылардың жас санаты бойынша бөлінді. Барлығы 20 адам жүлделі орындарға ие болып, сыйлықтарға (ақылды сағаттар, сымсыз құлаққаптар, динамиктер), сондай-ақ ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Жеңімпаз-мұғалімдер тұрмыстық техника дүкенінен сатып алуға сертификаттар алды.
Шараға қатысушылардың барлығына алғыс хаттар мен экосөмке түріндегі сыйлықтар табыс етілді.