Облыс әкімі Ғабиден Мұстафин кентіндегі Нұра өзенін қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты

Ғ.Мұстафин кенті тұрғындарының атынан және Бұқар Жырау ауданы әкімдігінің өтініші бойынша, 2020 жылы Қарағанды облысының әкімі Ж.Қасымбек "Мұстафин кентінің жанындағы рұқсат етілмеген жолдан Самарқанд су қоймасына дейінгі Нұра өзенінің учаскесін санациялау" жұмыс жобасын әзірлеуге тапсырма берді.
Ағымдағы жылдың 24 тамызында облыс әкімі Ғ. Мұстафин кентіндегі Бұқар Жырау ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде Нұра өзенін қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.
Танысу барысында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Н.Н. Серіков Ақбастау, Солонка және Нұра өзендерінің басқа учаскелерінде: Шахтер мен Байтуған кенттері арасында, Нұра ауданындағы Тассуат және Майоровка ауылдары ауданында, Бұқар Жырау ауданындағы Садовое және Чкалово ауылдары маңында, сондай – ақ Теміртау қаласының маңында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Бұл жұмыстар "TOLAGAI-2050"ЖШС мердігерлік ұйымының күшімен жүргізілуде.
Жобаның мақсаты ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында көктемгі су тасқыны кезінде жақын жатқан аумақтарды шайылудан қорғау болып табылады.
Ағымдағы жылы Нұра өзенін санациялау бойынша облыстық бюджетті нақтылау кезінде жұмыс қарқынын арттыру үшін қаржыландыру екі есе ұлғайтылды.