Барлығына арналған спорт!
Барлығына арналған спорт!
«АРТSport» мемлекеттік бағдарламасы аясында үш қаладан (Қарағанды, Теміртау, Саран) ерекше қажеттіліктері бар 125 бала тартылды: адаптивті волейбол - 32 адам (Теміртау қ.), шахмат - 52 адам (Қарағанды қ.), адаптивті таэквондо – 29 бала (Қарағанды қ., Теміртау қ.), бочча – 12 бала (Саран қ.).
Бұдан басқа, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облысымыздың бес өңірінде (Қарағанды қ., Теміртау қ., Саран қ., Шахтинск қ., Абай қ.) аутизмі бар, психикалық дамуы тежелген және сал ауруы бар 200 бала жүзу сабақтарымен және Теміртау қ. мен Қарағанды қ. 40 бала жеңіл атлетикамен қамтылған.
Балқаш қаласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, жүзумен 91 адам (естуі, көруі нашар және ТҚАЗ 27 бала және 18 жастан асқан 64 адам) қамтылды (тапсырыс сомасы 12 000 000 тг.).
Сондай-ақ, Абай қаласында өткен жылдың екінші жартысынан бастап мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 20 бала (ПДБ және ТҚАЗ 10 бала жүзу, 10 бала бочча) жүзу және бочча сабақтарына тартылды (тапсырыс сомасы 4 700 000 теңге).
Үстіміздегі жылы мүгедек балаларға және балаларға арналған спорт секциялары мен үйірмелерін ұлғайту мақсатында, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде аурудың 5 санаты (ТҚАЗ, ПДБ, аутизм, есту және көру қабілеті бұзылған, Даун синдромы) бойынша 355 адамды қамти отырып, спорттың 10 түрі (жүзу, жеңіл атлетика, үстел теннисі, дойбы, шахмат, конькимен жүгіру, роликтер, футбол, бочча, тоғызқұмалақ) бойынша, облыстың қосымша 12 өңірін (Қарағанды қ., Теміртау қ, Балқаш қ., Шахтинск қ., Сара қ, Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандары) қамту жоспарлануда
Бүгінгі таңда жобалар Теміртау, Саран қалаларында, Абай, Бұқар жырау және Нұра аудандарында 177 адамға ұлғайтыла отырып, іске асырылуда. Қалған 6 өңірде конкурстық рәсімдер өткізіледі, үстіміздегі жылдың соңына дейін барлық жобаларды толық іске асыру жоспарлануда.
Бұдан басқа, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, Спорт басқармасы 20 адамды жүзу сабақтарымен қамту үшін 16 млн. 688 мың теңгеге және екінші жоба жеңіл атлетика бойынша 20 баланы қамти отырып, 10 млн. 784 мың теңгеге смета дайындады, жобалардың жалпы құны – 27 млн. 427 мың теңге. Бюджеттік өтінімді үстіміздегі жылдың күзінде бекітуге беру жоспарлануда, өтінімдер бекітілетін болса, бұл жобалар 2026 жылдың басынан бастап іске асырылатын болады.