«Еңбек – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Жол картасы – 2020»

«Еңбек – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Жол картасы – 2020»

  • Аудан көлемінде «Еңбек – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Жол картасы – 2020» бағыты аясында биылғы жылы бірқатар ауқымды жұмыстар басталуда.Солардың бірі С.Сейфуллин кентіндегі Бұғылы,Абай көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары.Қазіргі уақытта жұмысты жасауға жауапты "Бірлік"ЖШС -і өз тиісті жұмыстарды жүргізуде.
  • Аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылдық округінде «Еңбек – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Жол картасы – 2020» бағыты аясында «Рентал» ЖШС - і Шортанбай жырау көшесі бойындағы 2 қабатты тұрғын үйдің шатырын жаңалау және сыртын қаптау жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш жұмысқа жергілікті тұрғындардан аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы -2 азамат жіберілген.
  • Мобильді жылжымалы жұмысқа орналастыру рекуртті пункті» барша аудан тұрғындарын жұмысқа шақырады!
    Ағымдағы жылдың 12 мамырында Шет ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан «Мобильді жылжымалы жұмысқа орналастыру рекуртті пункті» ұйымдастырылған болатын. Мобильді пункт аудан бойынша елді мекендерді аралап, тұрғындарға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында берілетін мүмкіндіктер жайлы анықтамалар беруде.
    Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде «Жол картасы» Бағдарламасы бойынша 20 адам тіркеуге алынды, олардың ішінде: Ақадыр кентінде – 7 адам, Ортау ауылында – 7 адам, Көктіңкөлі аулында – 7 адамды жұмысқа орналастырды.
    Мобильді топ жуық аралықта ауданға қарасты барлық елді мекендерге іссапармен шығуды жоспарлауда.
  • Ауданымызға қарасты Ақадыр кентінде «Еңбек – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Жол картасы – 2020» бағыты аясында кент бойынша бірнеше көше бойларына жаяу жүргіншілер жолын салу басталды. Бүгінгі күні жұмысты жасауға жауапты "Ақадыр Сәулет "ЖШС -і тиісті жұмыстарды жүргізуде.
  • «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін «Шет ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» жұмысқа шақырады. Толық ақпарат алу үшін жергілікті мекен жай бойынша әкімдіктерге немесе халықты жұмыспен қамту орталығының 8 (71031) 22130 нөмірі бойынша хабарласа аласыздар.