Senim 109

Ауданда «Senim 109» қызметі іске қосылды

Ағымдағы жылдың 19-20 қазанында Қарағанды облысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының жанындағы «Бірыңғай үйлестіру орталығы» КММ-нің ( «Senim 109») директор орынбасары Қожабеков Аңсар Қабайұлы және орталық аналитигі Жақыпбекова Айжан Мұратқызы ауданға келіп «Senim 109» қызметінің жұмысы туралы мекеме және кәсіпорын басшыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі күнде «Senim 109» қызметі Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау, Бұқар-Жырау, Қарқаралы аудандарымен жұмыс істейді, масштабтаудың келесі кезеңінде Шет ауданы жоспарланған.

Сонымен қатар, жиналыс аяқталғансон нақты жұмыс жүргізетін мамандармен кестеге сәйкес тиісті сайтпен (порталмен) жұмыс істеуге практикалық оқу өткізілді.