2022 жылдың 10 наурызында Шет ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкілі О.З.Стыбаев онлайн режимде «Әдеп жөніндегі уәкілдердің мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру және әдеп деңгейін қалыптастыру саласында азаматтық қоғам институтымен өзара іс-қимылы жүргізу жоспарына» сәйкес ауданның мемлекеттік мекемелері мен ауылдық округ, кент әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері арасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, кездесу барысында қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін жағдайларға жол бермеуі керектігі айтылды. Жәнеде басты мәселелердің бірі - басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеу керектігі ескертілді.