Халықаралық сайлау күні
Будапештте 2005 жылы өткен Сайлау ұйымдастырушылардың Бас конференциясының шеңберінде белгіленген Дүниежүзілік сайлау күні әр жылы, ақпанның бірінші бейсенбісінде аталып өтіледі.
Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы мамандар Дүниежүзілік сайлау күнін белгілей отырып, азаматтардың сайлауға қатысуға жалпыға бірдей құқығын және демократиялық азаматтық құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуді, азаматтардың сайлау құқықтарын және әлемдік демократия процесін нығайтуды, алғаш рет дауыс берушілердің, жастардың сайлау туралы білімін кеңейтуге және сайлаушылардың дауыс беруге қатысуына ықпал етуге бағытталған.
Бүгінгі күні сайлау жұмыстарын ұйымдастыруда аудан бойынша 57 сайлау комиссияларында 315 комиссия мүшелері жұмыс атқарады. Бірқатар комиссия мүшелері сайлау комиссиясындағы жұмысты Тәуелсіздік алған жылдардан бері атқарып келеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде комиссия мүшелері Президент, Парламент Мәжілісі, маслихат және ауылдық округ, кент әкімдері сайлауларын өткізді.
Бүгінгі таңда бұл оқиғалардың барлығы тарих, бірақ олардың әрқайсысы тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды кезең ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның қазіргі жағдайын анықтаған болашақтағы бағдарының көрсеткіші.
Шет аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Е.Мұқабаев