Меню

Страницы

Статья

РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ ҮНІ

РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ ҮНІ

Сайлау мен референдум – демократиялық қоғамның маңызды институттарының бірі. Әсіресе, ел өміріндегі аса маңызды мәселелерді шешуде референдумның орны бөлек. Бұл – азаматтардың мемлекет тағдырына қатысты шешім қабылдауға тікелей қатысуына мүмкіндік беретін саяси тетік.

Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі халықтың талқысына ұсынылмақ.

Осыған байланысты Шет аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Берікбол Амангельдиновпен сұхбаттасқан едік.

 

– Берікбол Дәулетұлы, жалпыұлттық референдум институтының маңызы туралы айтып өтсеңіз.

– Жалпыұлттықреферендум – тікелей демократияның ең жоғары нысаны әрі халықтың өз еркін білдіруінің конституциялық жолы. Ата Заңымызда халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асыратыны нақты көрсетілген. Сондықтан мұндай саяси науқандар ел дамуының маңызды кезеңдерінде өткізіледі. Референдум қоғамдағы маңызды мәселелер бойынша халықтың пікірін айқындап, ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

– Алдағы 15 наурызда өтетін референдумның маңыздылығы қандай?

– Биылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум – еліміздің саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Референдум арқылы азаматтар мемлекет дамуына қатысты маңызды мәселеге өз көзқарасын білдіре алады. Сондықтан бұл науқанға үлкен жауапкершілікпен қарау қажет. Осындай саяси шараны заң талаптарына сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастыру – референдум комиссияларының басты міндеті.

– Шет ауданында дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде?

– Қазіргі уақытта ауданымызда референдумға дайындық жұмыстары бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аудан аумағында 1 аумақтық және 48 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істейді. Комиссия мүшелері арнайы оқытудан өтіп, әдістемелік семинарларға қатысуда. Сонымен қатар дауыс беру учаскелерінің материалдық-техникалық жағдайы пысықталып, қажетті құрал-жабдықтар жергілікті атқарушы органдар тарапынан қамтамасыз етілуде.

– Референдумның ашық әрі әділ өтуі қалай қамтамасыз етіледі?

– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес референдум үдерісі ашықтық және жариялылық қағидаттарына негізделеді. Дауыс беру учаскелерінде байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады. Барлық жұмыстар заң аясында ұйымдастырылады. Басты мақсатымыз – азаматтарға өз таңдауын еркін жасауға жағдай жасап, референдумның әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз ету.

– Аудан тұрғындарына айтар тілегіңіз?

– Барша аудан тұрғындарын алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырамын. Әр азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан 15 наурыз күні өз таңдауыңызды жасап, азаматтық ұстанымдарыңызды білдіреді деп сенемін.

Сұхбаттасқан М.Дәулетбекұлы – «Шет шұғыласы» газетінің бас редакторы. ҚР Журналистер Одағының мүшесі.

Дата публикации
26 февраля 2026
Дата обновления
26 февраля 2026
Тип
Интервью

Сейчас читают

Направления
13 октября 2026
Итоги выдвижения
Направления
13 октября 2026
Итоги регистрации кандидатов
Направления
13 октября 2026
Места размещения агитационных печатных материалов

Социальные медиа

Instagram страница аппарат акима Шетского района
Facebook страница аппарат акима Шетского района
Youtube канал аппарат акима Шетского района

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы