|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
|
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
2 (екі) жұмыс күні.
|
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық/қағаз түрінде.
|
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру немесе кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы алым төлейді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 553-бабына сәйкес: 1) жеке тұлғалардан – 1 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК)); 2) заңды тұлғалардан – 5 АЕК-ні; 3) кепілдің тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК-ні құрайды. Тіркеу алымын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
|
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) Мемлекеттік корпорацияның – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін; 3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері жүгінгенде Кодекске сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында; 2) Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 3) Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурсында; 4) порталда орналастырылған.
|
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
|
Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: 1) көрсетілетін қызметті берушіге және/немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: нысан бойынша өтініш; жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушының өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжат (бірдейлендіру үшін); Салық кодексіне сәйкес кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат. 2) порталға жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш; кепілді тіркеу үшін бюджетке Салық кодексіне сәйкес алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайды қоспағанда). Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда, кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгені туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштің "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының талаптарына сәйкес келмеуі; 3) кепілді тіркеу туралы өтінішпен тиісті емес адамның жүгінуі; 4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжаттың болмауы.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасындағы интернет-ресурста көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
|