Референдум – халық таңдауы!
Қазіргі таңда ел арасында өте қызу жүріп жатқан басты тақырып Президент Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен тағайындалып, ағымдағы жылдың 6 қазаны күні өтетін жалпыұлттық референдум туралы. Мақсаты еліміздеатом электр станциясын салу мәселесін азаматтардың пікірін ескере отыра,жалпы ұлттық референдум арқылы шешу. Осыған орай, жуырда аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Б.Амангельдиновті сұхбатқа тартқан болатынбыз.
Б.Дәулетұлы – аудандық рефрендум комиссиясының төрағасы.
Сұрағыңызға рақмет. Референдум- ең алдымен халықтың пікірімен санасу, ойы мен шешіміне құрметпен қарау.Референдум еліміз үшін маңызды қадам. Осыған дейін айбынды Ата заңымыз және кейінгі конституцияға өзгерістер енгізу бұқара қауымның пікірін ескере отыра, рефрендум арқылы бекітілгендігін білесіз. Себебі, кез – келген демократиялы мемлекет өз халқының ойымен, пікірімен санасуы қажет. Алдымыздағы айдың 6 қазаны күні де жалпыұлттық рефрендум өтеді. Онда азаматтарымыз «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?», - деген сауалға өз таңдауларын жасайтын болады.
Б.Дәулетұлы – аудандық рефрендум комиссиясының төрағасы.
Ең біріншіден ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес, Мен комиссия төрағасы ретінде үгіт – насихат жұмыстарына қатыса алмаймын. Жалпы кез – келген комиссия мүшелерінің үгіт – насихат жұмыстарын жасауына заңмен тиым салынады. Алайда, жеке азамат ретінде сол күні өз ұстанымымды білдіремін. Бұл менің азаматтық парызым. Әрине, республика көлемінде бұл мәселе бойынша азаматтардың пікірлері әр алуан. Атом саласының маманы болмағандықтан АЭС салу дұрыс па әлде бұрыс па дегенге нақты өз ойымды қоса алмаймын. Бұл тақырыпта сала мамандары, белгілі ғалымдар жер – жерлерде түсіндіру – ақпараттық жұмыстарын жасауда. Біздің басты мақсатымыз ел болашағы үшін маңызды науқанды заңдылықтар аясында әділ өткізу. Сондықтан барша аудан азаматтарын 6 қазанда өтетін референудмға біркісідей белсене атсалысуға шақырамын. Әркімнің таңдауы маңызды!
Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбат алушы «Шет шұғыласы» газетінің бас редакторы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі М.Сәдуақасов.