«КАК БЫ РАДИО» радиостанциясы

                                      АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 29 қарашада өтетін кезектен тыс сайлауда «Как бы радио» радиостанциясының эфир уақытын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы

«TERRA» ЖШС «КАК БЫ РАДИО» радиостанциясының (бұдан әрі — Радиостанция) меншік иесі ретінде Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 Жарлығымен 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихаттардың кезектен тыс сайлауында облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі — үгіт материалдары) орналастыру үшін Радиостанция эфир уақытын ұсынудың құны, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.

Сайлауалды үгіт мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау алдындағы күннің жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады. Осыған сәйкес, үгіт материалдары эфирде 2026 жылғы 1 қараша күні сағат 18:00-ден бастап 28 қараша күні сағат 00:00-ге дейін орналастырылады.

Үгіт материалдарын орналастыру құны:

  • 30 секунд үшін — 10 000 (он мың) теңге, ҚҚС-сыз.
  • Тікелей эфирге қатысудың 1 минуты үшін — 5 000 (бес мың) теңге. Эфирге қатысу ұзақтығы қатысушымен алдын ала келісіледі.

Ақпараттық аудиороликті дайындау құны: ұзақтығы 30 секундтан аспайтын бір аудиоролик үшін — 30 000 (отыз мың) теңге (қазақ және орыс тілдерінде).

Үгіт материалдарын орналастыру туралы жасалған шарт бойынша төлемді бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі ұсынған шот негізінде шот қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асыру қажет.

«Как бы радио» радиостанциясының (107 FM) хабар тарату радиусы — Қарағанды қаласы және 80–100 км қашықтықтағы аумақ. Қамту аймағына Теміртау, Абай, Ақтас, Саран, Шахтинск, Шахан және басқа да жақын елді мекендер кіреді. Ақпараттандыру және байланыс басқармасының деректері бойынша әлеуетті аудиториясы — 650–700 мың радиотыңдарман.

Радиостанцияның эфир уақыты қолда бар техникалық мүмкіндіктерді, оның ішінде жоспарланған уақыт аралығында жарнаманың болуы немесе болмауын ескере отырып ұсынылады.

Эфир уақыты мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі ұзақтығы 60 (алпыс) секундтан аспайтын аудиороликтер түріндегі үгіт материалдарын орналастыру арқылы ұсынылады.

Эфир уақытын ұсыну туралы шарт жасасуға кандидаттың сенім білдірілген немесе уәкілетті тұлғасының аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат атынан бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі басшысының атына жазылған жазбаша өтініші негіз болып табылады.

Эфирге орналастырылатын үгіт материалдарының саны, хронометражы, болжамды күні мен уақыты медиа-жоспарда көрсетіледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

  1. Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. Кандидаттың сенім білдірілген тұлғасының өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (оның ішінде уәкілетті орган берген куәлік);
  3. Өтініш беретін кандидаттың сенім білдірілген тұлғасының жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. Шарт жасасатын тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;
  5. Аудиовизуалды немесе аудио материал мәтінінің қағаз жеткізгіштегі толық жазбасы.

Кандидаттардың үгіт материалдарын эфирге орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен белгіленеді. Өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда кезектілік жеребе тарту арқылы айқындалады.

Үгіт материалдары мынадай форматтарда ұсынылуы тиіс: сығылмаған Linear PCM форматы, WAV (Wave) контейнері, дискреттеу жиілігі — 48 кГц немесе сығылған MP3 форматы, битрейт — кемінде 256 кбит/с, дискреттеу жиілігі — 48 кГц. Материалдар флэш-жинақтауыштарда, дискілерде немесе FTP-сервер арқылы ұсынылуы мүмкін.

Үгіт материалдарында олардың ақылы негізде орналастырылатыны, қаржыландыру көздері және ақпаратты ұсынған тұлғаның тегі туралы дыбыстық ақпарат болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауап береді.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда, бұзушылықтар жойылғанға дейін үгіт материалдарын эфирге шығару жүзеге асырылмайды немесе тоқтатыла тұрады.

Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік немесе рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттау, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдарды құру идеяларын қамтитын үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартады. Бұдан бөлек, өзге кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпаратты қамтитын материалдар эфирге жіберілмейді.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфир уақытын ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Директор
«TERRA» ЖШС
(«Как бы радио» радиостанциясы)

Е.И. Шайхуллина