Жабық футбол алаңы ашылды

Жабық футбол алаңы ашылды

Мойынты кентінің жастары көптен күткен қуанышты оқиғаға куә болды. 25 қазан Республика күні қарсаңында кентте жабық футбол алаңы ашылды. Алаңның салынуы ауыл жастарының сұранысы бойынша Шет ауданының әкімі М.Мұхтаровтың және "Bapy Mining" ЖШС-ның демеушілігімен жүзеге асырылды. Нысан Б.Момышұлы көшесі бойында кент әкімдігі мен "Bapy Mining"  ЖШС-нің арасындағы меморандум негізінде бой көтерді. Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы қатысып, кент тұрғындарын жаңа спорттық нысанның ашылуымен құттықтап, ауыл жастарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аталған іс-шараға "Bapy Mining"  ЖШС-нің атқарушы директоры Қ.Асан және маслихат депутаты А.Адамбаев қатысып, ашылумен құттықтады. Алаңның ашылуына орай футболдан Мойынты кенті әкімінің кубогы турнирі ұйымдастырылды. Кент әкімі С.Турабеков кент тұрғындарын құттықтап, командаларға сәттілік тіледі. Жарысқа өңірлерден 9 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жеңімпазар ақшалай сыйлықтармен, кубокпен және медальдармен марапатталды. Аталған спорттық нысан - кент жастарының бос уақытын тиімді өткізуге, бұқаралық спорттың дамуына және салаауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосатын маңызды жоба.