«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (санаты E-R-1, (А блогы), 1 бірлік, № 01-14) 10.12.2025 жылға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне уақытша, осы мерзім аяқталғанға дейін негізгі қызметкердің жұмысқа шығу құқығымен

Мемлекеттік орган

Саран қаласының әкімдігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

E-R-1 (Бөлімінің басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380392

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы бөлім), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.

Функционалды міндеттер

Блок А

Өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады.          Бөлімнің жұмысын ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асырады.          Бөлімнің жұмыс жоспарын және атқарылған жұмыстар туралы есептерді жасайды.          Бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттерді бөледі және олардың орындалуын бақылайды.          Бөлім қызметкерлерінің бірін-бірі өзара алмастыру мәселелерін шешеді.          Бөлім қызметкерлеріне келіп түскен құжаттарды, хаттарды, сауалдарды орындауға жолдайды және олардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылайды.Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды уақтылы дайындайды және өткізеді. Конкурстық өтінімдерді дайындау және оны тапсырыс берушімен келісу бойынша әлеуетті өнім берушілер үшін конкурстық құжаттаманы (оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін және техникалық ерекшелікті) әзірлейді.          Конкурстық комиссияның және сараптамалық топтардың құрамын (келісім бойынша) қалыптастырады, оларға конкурстық құжаттаманы зерделеу үшін ұсынады.Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар туралы хабарландырулардың жариялануын қамтамасыз етеді.          Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсына конкурстық комиссияның мүшесі, хатшысы ретінде қатысады.          Конкурс қорытындылары туралы хаттама, жеңімпаз жеткізушілерге хабарлама дайындайды. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау практикасын қорытындылайды.          Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға, мекемелерге және кәсіпорындарға әдістемелік көмек көрсетеді.          Мемлекеттік сатып алу бойынша нормативтік-құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарды конкурс ұйымдастырушыларына және қалалар мен аудандарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын орындаушыларға жеткізеді.          Бөлімнің мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын мемлекеттік сатып алудың web-порталына орналастырады және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына тиісті өзгерістер енгізеді.          Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын тексеру бойынша комиссияның жұмысын бақылайды және үйлестіреді.           Талап қояды, соттарда талап қоюшы және жауапкер ретінде әрекет етеді.          Қалалық коммуналдық мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.          Қалалық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізеді.          Қалалық коммуналдық мүлікті Саран қаласының әкімдігі айқындайтын тәртіппен жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді.          Сенімгерлік басқарушының қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады.Қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді.          Жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруды келіседі.          Әкімдік шешімдеріне сәйкес акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Мекемеге берілген тиісті саладағы мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуына бақылау мен талдауды жүзеге асырады.          Осы Заңда көзделген жағдайларда қаланың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.02.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.02.2023 – 20.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 Мбит

Сұхбаттасу орны

«Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67

Анықтама алу үшін байланыс

8(72137) 74017, факс: 8(72137) 74017