Құрметті Саран қаласының және Ақтас кентінің тұрғындары мен қонақтары!

Жол-көлік оқиғаларын азайту және "Жол қозғалысы ережелерін", оның ішінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен ережені бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, 2022 жылдың 04 мен 10 ақпан аралығында Саран қаласының және Ақтас кентінің аумағында "Жаяу жүргінші - өткелге!» профилактикалық алдын алу іс шарасы өткізілуде.
Облыс бойынша жаяу жүргіншіні басып кету жағдайлары орын алып, 6 адам қаза тапты.
Осыған байланысты, жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының ережелерді бұзбауын сұраймыз!