Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженің 15-тармағының 70) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 24/217 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар бекітілсін»;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар» осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Н. Әбдіров
Хатшы Ш.Өтемісов
Астана қаласы
2025 жылғы 24 желтоқсан
№ 37/49