Саран қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы

Құрметті Саран қалалық мәслихатының депутатын сайлау бойынша № 8 сайлау округінің сайлаушылары!

Саран қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 27 тамыздағы № 43/55 «Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының № 8 бір мандатты сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы» қаулысына сәйкес «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ-де округ тұрғындарының дауыс беруге қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізілуін тексеру бойынша Call-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды.

Әрбір азамат өз учаскесін нақтылау бойынша кеңес алу үшін Call-орталыққа жүгіне алады және өзінің тізімге енгізілуін күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін 7-40-07 телефоны арқылы тексере алады.

Сіз тізімдегі өзіңіз туралы деректерді арнайы құрылған sailau09.kz сайтында және өзіңіздің сайлау учаскеңізде тексере аласыз.

 

Саран қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 сентября 2025