Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылар тізбесі
«Саран тынысы» ЖШС
Тіркелген кандидаттарға шарттық негізде үгіт материалдарын жариялау үшін баспа алаңын беру туралы ақпарат
Шығып қалғанның орнына Саран қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың назарына!
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңына сәйкес, Саран қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 27 тамыздағы № 43/55 «№8 бір мандатты сайлау округі бойынша Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының депутатын сайлауды тағайындау туралы» қаулысы негізінде «Саран тынысы» ЖШС депутаттыққа кандидаттарды сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру шарттары туралы хабарлайды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға үгіт материалдарын басып шығару үшін шарттық негізде баспа алаңын береді. «Саран тынысы» ЖШС хабарлайды, Саран қаласының «Саран газеті» газетінің 1 шаршы см баспа алаңының құны 125 теңгені құрайды.
Газет алаңын беру баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы газетпен жасалған жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, сайлауалды үгіт-насихат материалдарында қаржыландыру көзі туралы ақпарат болуы тиіс.