«Саран тынысы» ЖШС
«Саран тынысы» ЖШС «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарға шарттық негізде ұсынылатын сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастырудың төлем мөлшері мен шарттары туралы хабарлайды.
Орналастыру құны:
- «Саран газеті» газетінде – баспа алаңының 1 шаршы сантиметрі үшін 200 (екі жүз) теңге;
- sarangazeti.kz ресми сайтында - бір жарияланым үшін 20 000 (жиырма мың) теңге;
- @saran_today және @saran_gazeti ресми Instagram парақшаларында - әр жарияланым үшін 20 000 (жиырма мың) теңге;
- Қаланың басты LED-экранында бейнероликтерді көрсету (бір күн бойы сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін әр сағат сайын бір бейнероликтен көрсету) – 5 000 (бес мың) теңге.
Баспа алаңын ұсыну, сондай-ақ, материалдарды сайтта және әлеуметтік желілерде орналастыру редакциямен сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру туралы жасалған жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады.
Сайлауалды үгіт-насихат материалдарында міндетті түрде қаржыландыру көзі туралы ақпарат болуы керек екенін еске саламыз!
«Саран газеті» редакциясы
7
22 қазан 2026 09:49
22 қазан 2026