Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруКондоминиум объектісін басқару, оны күтіп ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін бір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері мүлік иелерінің бірлестігін құрады.
Бірыңғай іргетаста орналасқан не Бірыңғай жалпыүйлік инженерлік жүйелері немесе көппәтерлі тұрғын үйдің және (немесе) үй жанындағы жер учаскесінің астындағы бірыңғай бөлінбейтін жер учаскесі бар көппәтерлі тұрғын үйлерде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің көпшілігінің келісімімен мүлік иелерінің бір бірлестігін құрады.
Мүлік иелерінің бірлестігі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың екі немесе одан да көп меншік иелерінен тұрады
Меншік иелері бірлестігінің төрағасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) меншік иелері бірлестігінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуі;
2) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің тізімін қалыптастыру;
3) жиналыс пен үй кеңесінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, жиналыс пен үй Кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты және өзге де ақпаратты жалпыға қолжетімді жерлерде орналастыруды;
5) Екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы және жинақ шоттарын ашу;
6) үй кеңесінің шешімі бойынша сервистік қызмет субъектілерімен қызметтер көрсету туралы шарттар жасасу және орындау;
7) Коммуналдық қызметтер көрсететін ұйымдармен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға коммуналдық қызметтер көрсету туралы және оларға ақы төлеу жөнінде шарттар жасасу;
8) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға ақша енгізуіне мониторинг жүргізу;
9) үй Кеңесіне кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептерді ұсыну;
9-1) жазбаша талап бойынша он бес күнтізбелік күн ішінде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне, үй кеңесі мүшелерінің біріне немесе тексеру комиссиясы мүшелерінің біріне (тексерушіге) басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептер бойынша қаржылық құжаттаманың (бастапқы есепке алу құжаттары, қаржылық есептілік, ағымдағы және жинақ шоттары бойынша операцияларға байланысты құжаттар) көшірмелерін ұсыну кондоминиум объектісі және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қағаз және (немесе) электрондық түрде ұстау;
9-2) ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеуі қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес ақпарат беру;
9-3) кондоминиум объектісінде пәтер иелерінің тұруына (болуына) қауіпсіз жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету;
10) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты өзге де функцияларды орындау.