
Қала экономикасы индустриалды бағытқа ие. Қалада өнеркәсіп өнімін шығаруды 63 кәсіпорын жүргізеді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі нақты көлем индексі 135,2% болғанда 175,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 188,7%-ға, тау – кен өндіру өнеркәсібінде – 55,5%-ға ұлғайды.
Бұл нәтиже өңдеу саласы кәсіпорындарының және «Saran» индустриялық аймағының дамуына байланысты, жыл сайын өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту және қала экономикасындағы тау-кен өнеркәсібінің үлесін төмендету үрдісі тіркеледі.
Өңір дамуының негізгі векторы өңдеу саласын одан әрі нығайту, кәсіпорындар қызметінің экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын бағыттарын дамыту болып табылады.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымын әртараптандырудың арқасында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 93,2%-ға жетті.