
Тіл саясатын дамыту
Саран қаласында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңға және Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік тұжырымдамасына сәйкес жүргізіледі.
Тоқсан сайын барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша мониторинг жүргізіледі. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде шығатын құжаттардың үлес көлемі 100% құрайды.
2024 жылы мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және насихаттау мақсатында 101 материал жарияланды, Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша қалалық деңгейдегі 46 іс-шара өткізілді.
2024 жылы Саран қаласы мен Ақтас кентінің 130 тұрғыны қазақ тілі оқыту курсымен, 72 тұрғыны ағылшын тілін оқыту курсымен қамтылды.
2025 жылы 120 қазақ тілі оқыту курсымен, 72 тұрғыны ағылшын тілін оқыту курсымен қамту жоспарлануда. Жыл басынан бері 45 тұрғын қазақ тілі курсын, 24 тұрғын ағылшын тілі курсын аяқтады. Қазіргі таңда 46 тұрғын қазақ тілі курсын, 24 тұрғын ағылшын тілі курсын оқып жатыр.
Орталықтың әлеуметтік желілерінде тұрақты негізінде «Перевод дня», «Топ слова», «Qazaqsha sóıle», «Тілашар», «Знать казахский – модно» «Әуен life», «Казахский вызов», «6 фразеологизмов на казахском языке», «6 фразеологизмов на английском языке», «Необходимые словари», «Пой и улучшай свой English», «Қазақша life» және т.б. айдарлар өткізіледі.
Мемлекеттік тілді үйренуге жағдай жасау мақсатында «Баршаға арналған Қазақ тілі» айдары жергілікті Саран газетіне жарияланады. Бұл бөлімде ситуациялық диалогтар мен сөз тіркестері жинақталған, олардың көмегімен әңгімені қолдауға, сондай-ақ қызығушылық тудыратын сұрақтар қоюға болады. Сондай-ақ, барлық сабақтарда QR коды енгізілген, онда қаланың әрбір тұрғыны мемлекеттік тілді оңай және тез үйрене алады.
Қаланың көрнекі ақпаратының тіл заңнамасының талаптарына сәйкестігі үнемі қадағаланып отырады. Саран қаласында және Ақтас кентінде орналасқан мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ұйымдардың, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көрнекі ақпаратының Тіл және жарнама туралы заңнаманың талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізу, сондай-ақ осы заңнаманың нормаларын түсіндіру, қазақ тілінің қысқа мерзімді курстарына шақыру, аударма бойынша әдістемелік көмек көрсету, қателерді анықтау және түзету мақсатында сыртқы жарнама және көрнекі ақпарат мәтіндерінде «Көрнекі ақпарат және жарнама» әлеуметтік жобасы іске асырылады. Жоба аясында 4 жұмыс тобы құрылды.
Мәдениет
Мәдениет, тарихи-мәдени мұраны сақтау, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау, адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, тұрғындардың мәдени бос уақытын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты 113 мәдениет қызметкері жүзеге асырады.
Саланың инфрақұрылымына 8 нысан, оның ішінде екі мәдениет үйі, тілдерді дамыту орталығы, бес кітапхана кіреді.
1340 адамды қамтитын 49 клубтық құрылым жұмыс істейді.
Кітапханалардың кітап қоры 139,2 мың дананы, 1968 мерзімді басылымды, 80 электрондық басылымды қамтиды және жыл сайын қалалық бюджет қаражаты есебінен толықтырылады.
2023 жылы жалпы саны 49 мың адамды қамтитын 586 іс-шара өткізілді.
2024 жылы үйірмелерді көбейту жоспарлануда, бұл келушілердің санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2025 жылдың 5 айында 217 іс-шара өткізіліп, 20 мың адам қамтылды