
Саран қаласының спорт секцияларына 16939 адам қатысады, жұмыспен қамтылғандар саны 38,7% - құрады.
Қалада 60 спорт ұйымы мен дене шынықтыру ұжымы жұмыс істейді: 1 мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебі, 6 дене шынықтыру-сауықтыру клубы, 3 фитнес-клуб, 4 шығармашылық және спорттық бағыттағы аула клубы, 2 Балалар мен жасөспірімдер және дене шынықтыру клубы, 34 дене шынықтыру ұжымы (кәсіпорындар, ұйымдар), 8 жалпы білім беретін мектеп және 2 орта арнаулы оқу орны.
Қалада Қарағанды қаласының 5 спорт мектебінің филиалы: жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтің облыстық спорт мектептері, күрес түрлері бойынша «Дәулет», Велосипед спортынан (Ақтас кенті), Қарағанды қаласының жеңіл атлетика және футболдан облыстық мектептері жұмыс істейді.
«Саран қаласының спорт орталығы» КММ балансында Саран қаласының 4 аула клубы бар, олар ұлттық спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша өз жұмыстарын жалғастыруда.
2023 жылы 4650 адамды қамти отырып 150 іс-шара өткізілді.
Спорттың 33 түрі іске асырылуда, оның ішінде: олимпиадалық – 15, олимпиадалық емес – 14, Ұлттық – 3, техникалық - 1. 99 спорт ғимараты жұмыс істейді, ол 55,2 % құрайды. Негізгі базалары «Саран қаласының спорт орталығы» КММ және «Саран қаласының олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» болып табылады. СДЮШОР-дың 6 бөлімшесінде (баскетбол, грек - рим күресі, велоспорт-триатлон, жүзу, футбол) 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің жалпы саны 1435 адам, бұл 25,1% құрайды.
Қаланың 8 жалпы білім беретін мектебінде 72 спорт секциясында 2612 оқушы, екі колледждің 12 спорт секциясында 1539 адам айналысады. Стадионның спорттық базасында 375 оқушыны қамтитын «Достық үйі» балалар-жастар орталығы» КМҚК 7 секциясы жұмыс істейді, сондай-ақ орталықта 88 адамды қамтитын «Белая ладья» шахмат клубы жұмыс істейді. «Жас техниктер станциясы» базасында олимпиадалық емес спорт түрі (картингт) жұмыс істейді, онда 46 адам айналысады. «Ақтас кентінің мәдени – сауық орталығының» спорт залында және «Ақ Барс» ашық спорт залында 90 адам қамтитын «Каратэ кекушинкай» облыстық федерациясы мектебінің филиалы жұмыс істейді. «Арыстан» спорт клубының шығыс жекпе - жек залында 100 – ден астам адам айналысады, «BARON TEAM» қоян-қолтық жекпе-жек клубы жұмыс істейді, келушілердің саны - 45 адам, Ақтас кентінде таэквон-до бойынша 50 адам қамтылған секция жұмыс істейді, бокстан 40 адам айналысатын секция жұмысын жалғастыруда. Сондай – ақ, қалада 3 фитнес – клубы өз жұмысын жалғастыруда. Олар: «SARAN-fitness_crossfit», «Fitness studio MIRA», «FITNESSAKTAS».
60 баланы қамтитын «Акуленок» балалар бассейні жұмысын жалғастыруда. Бассейнге нәрестелер, мектепке дейінгі және мүмкіндігі шектеулі балалар барады. «Саран қаласының спорт орталығы» КММ балалар мен жасөспірімдерді тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша сабақтарға тарту жұмысын жалғастыруда.
Бүгінгі таңда Саран қаласының БЖСММ спорт залдарының жастары 250 адамды қамтыды.
Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 150 спорттық іс-шара өткізілді.
Халықты тұрақты спорттық-сауықтыруға тарту бойынша жұмыс жалғасуда.
2024 жылы Сұңқар стадионына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, бұл халықты бұқаралық спортпен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
