20 маусым күні Приозерск қаласына Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Санбаев Бахтияр Жұматайұлы арнайы іссапарымен келді.
Бұл кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған экологиялық және табиғи ресурстарға қатысты басым бағыттарды өңірлерде түсіндіру және оларды іске асыру бойынша нақты шараларды пысықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Отырысқа мемлекеттік мекеме өкілдері, білім беру, денсаулық сақтау, коммуналдық және өндірістік мекемелердің мамандары, сондай-ақ жастар ұйымдарының белсенді мүшелері қатысты.