Халық заңгері акциясы

Жарияланған күні: 02 маусым 2025

30 мамыр Приозерск қаласында "Халық заңгері" республикалық акциясы өтті. Қала азаматтары тегін заң көмегін алды.

"Халық заңгері" акциясының аясында Приозерск қаласының заң қоғамына тегін кеңес берілді. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау форматында өткен іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, оның ішінде Приозерск қаласы прокуратурасының басшылығы қатысты. Кез келген адам өз сұрағын қоя алды. Айта кетейік, азаматтарды қабылдау уақытпен шектелмей, қабылдау соңғы келушіге дейін жүргізілді.

Акцияның мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру және тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсету. Азаматтарды толғандыратын негізгі мәселелер – алимент төлеу, жеке сот орындаушыларының жұмысы, салық салу, құқық қорғау органдарына және коммуналдық қызметтерге жүгіну.

Іс-шараны дәстүрлі түрде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, желілік басылым Zakon.kz, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Приозерск қаласының әкімдігі және қалалық заң қоғамы ұйымдастырды.