Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру|
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676 «Мемлекеттік наградалар туралы» заңының 28, 29 баптарына сәйкес 7 және одан да көп бала туған көпбалалы аналар «Алтын алқа» алқасымен, 6 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген аналар соңғы баласы 1 жасқа жеткен және балалары тірі болған ретте «Күміс алқа» алқасымен марапатталады. Приозерск қаласы бойынша 6 және 7 бала туып, тәрбиелеп отырған көп балалы аналар тұрғылықты жері бойынша қалалық әкімдіктерге "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларына құжаттар тапсыра алады. |
Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметі азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде (1 наурыздан 30 маусымға дейін;, 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бекіткен "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
|
Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90-бабының 1 тармағына сәйкес, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін, сондай-ақ осы органдардың қызметкерлерін, айына кемінде бір рет тиісті мемлекеттік органның басшысымен бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдауға міндетті түрде өткізу қажет. Жазбаша өтініш «Е-өтініш» электрондық жүйесіне тіркеліп, қабылдау күні хабарланады. |
Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығымен бекітілген "азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес (1 наурыздан 30 маусымға дейін; 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін) көрсетіледі.
Қысқаша мазмұны
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу оқу кезеңіне тоқсанына 7 АЕК төленеді.
Өтінішті:
1) Мемлекеттік корпорацияға;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталына беруге болады www.egov.kz.
Құжаттар тізбесі:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
2) мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама.
Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедек балалардан және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедек балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мемлекеттік корпорация арқылы немесе порталға құжаттары қоса берілген нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Құжаттар тізбесі:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
2) мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама.