Қайта әлеуметтендіру орталығы

Қайта әлеуметтендіру орталығы

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2024 жылы "Мир добра"қоғамдық қорымен бас бостандығынан айыру орындарындағы және пробациялық бақылаудағы адамдарды әлеуметтендіруге және оңалту бойынша  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жалпы сомасы 3000,0 мың теңгеге шарт жасалды.

Мақсаты бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды және пробация бақылауындағы адамдарды әлеуметтендіру және оңалту үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.

Көрсетілген қызмет түрлері: заң көмегі (несиелік берешек мәселері, банкроттық туралы құжаттарды рәсімдеу, мүгедектікті ресімдеу, құжаттарды қалпына келтіру, мұрагерлік, тұрғын үйді қайта ресімдеу, күйеуін ата-ана құқығынан айыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру және қолдау көрсету).

Қоғамдық Қор тарапынан тұрақты негізде 14 адамға заңгерлік көмек көрсетіліп,   пробация қызметінің есебінде тұрған 23 адамға психологиялық кеңес берді. 2024 жылға игеру сомасы 3000,0 мың теңгені құрады.