Инватакси қызметтері
Инватакси қызметтері
Бұл қызметтің мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдардың өзін-өзі жүзеге асыру деңгейін арттыру және оларға лайықты өмір сүру жағдайларын жасау болып табылады.
Жоба әлеуметтену үшін қажетті әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына баруға мүмкіндік береді. Бұл өмір сүру деңгейін жақсартады, денсаулық пен білім деңгейін нығайтуға ықпал ететін қосымша қызметтер алу мүмкіндіктерін ашады.
"Инватакси қызметтерін алушылар санатын кеңейту туралы" Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 86/02 қаулысына сәйкес Осакаров ауданының аумағында инватакси қызметтерін алушылар санаттары келесі санаттағы адамдармен кеңейтілді:
1) 1 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
3) жүріп - тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;
4) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар;
5) Даун синдромы бар мүгедектігі бар балалар;
6) церебралды параличі бар мүгедектігі бар балалар.".
7)ақыл-есі кем мүгедектігі бар балалар.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
2024 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Жалын" мүгедектер қоғамы ҚБ-мен инватакси қызметтерін көрсетуге 2450,0 мың теңгеге шарт жасалды.
2024 жылы мүгедектігі бар 25 адам(16 ересек, 9 бала) 2450,0 мың теңге сомасына инватакси қызметтерін пайдаланды. (қызмет Осакаровка кенті, Молодежный кенті).
