Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары орталығы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары орталығы

Ауданда жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған орталық жұмыс істейді, өткен жылы осы бағытта "ҚОРҒАУ-АСТАНА" Жеке қорымен жалпы сомасы 1828,0 мың теңгеге шарт жасалды.

Орталықтың мақсаты-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін қауіпсіз кеңістік құру.Орталық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауды, әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтендіру және реинтеграциялау бойынша  көмек көрсетеді.

2024 жылы Орталық жалпы сомасы 1828,0 мың теңгеге 10 адам (2 әйел, 8 бала) қамтыды.