Мемлекеттік қызметтер бойынша 2021 жылғы есеп

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2021 жылғы есеп

      2021 жылы Е-лицензиялау порталы арқылы: "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту" 1 өтініш; "сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" 6 өтініш орындалды. "Жер учаскесін алуға кезекке қою" порталына-өтініштер түскен жоқ. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 174 Мемлекеттік қызмет орындалды (азаматты тіркеу, "Е-лицензиялау" порталы арқылы өтініш беру ЭЦҚ алу, медициналық мекемеге тіркеу, анықтамалар алу, декларация тапсыру).

      Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы "электрондық үкімет"порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмысы жалғастырылатын болады.