Меню

Страницы

Статья

Талапкерлер eGov.kz порталы арқылы колледжге түсуге өтініш бере алады

eGov.kz порталында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау науқаны басталды. Биыл бұл қызмет айтарлықтай жаңартылып, талапкерлер үшін әлдеқайда ыңғайлы болды. Өтініш беру жүйесіне жаңа функциялар мен сүзгілер қосылып, оқу орнын жылдам таңдауға, қателіктерді болдырмауға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Енді өтініш беру кезінде талапкер жатақхана немесе тегін тамақтану қажеттілігін бірден көрсете алады. Әскери қызметті шақыру бойынша толық өтеген азаматтар санатына жататындар растайтын құжатты тіркей алады.

Маңызды жаңашылдықтардың бірі – оқу орнын таңдау кезінде сүзгілеу механизмінің енгізілуі. Жүйе талапкер таңдаған параметрлерге сәйкес колледждердің тізімін автоматты түрде қалыптастырады: оқу аймағы, оқыту тілі, бағыт және мамандық бойынша. Оқыту тілі көрсетілгеннен кейін жүйеде тек сол тілде оқыту қарастырылған оқу орындары ғана көрсетіледі. Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасына қатысатын өңірлердегі ауыл мектептерінің түлектері үшін жеке сүзгі іске асырылған.

Әр талапкер өтінішті бір рет қана бере алады, бұл ретте төрт түрлі колледжге дейін, төрт мамандық таңдау мүмкіндігі бар. Құжаттардың жалпы көлемі 5 мегабайттан аспауы тиіс.

Өтініш беру үшін талапкерге:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өту қажет;
  • «Білім» бөлімінен «Колледждер» санатын таңдау керек;
  • «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» қызметін таңдау қажет;
  • барлық қажетті жолдарды толтырып, құжаттарды жүктеу керек;
  • қызметті қолжетімді әдістердің бірімен растау қажет;
  • қызмет нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.

Қызмет көрсету мерзімі – 3-5 жұмыс күніне дейін. Құжаттарды қабылдау кезең-кезеңімен жүргізіледі және оқу түрі мен білім беру бағдарламасына байланысты. Қабылдау шарттары, құжаттарды тапсыру мерзімдері мен талаптардың толық тізімімен eGov.kz порталында қызметтің паспортында танысуға болады.

Дата публикации
10 июля 2025
Дата обновления
10 июля 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
23 июля 2025
Статья главного специалиста Департамента по делам государственной службы по Карагандинской области Амангельдиновой С.С. и главного специалиста филиала АО «Государственный фонд социального страхования» по Карагандинской области Кашаубаевой Г.К.
Информация
10 июля 2025
Талапкерлер eGov.kz порталы арқылы колледжге түсуге өтініш бере алады
Информация
11 ноября 2024
Роль информационных систем в восстановлении нарушенных прав получателей услуг

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы