2024 жылға көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

       

        «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қарағайлы ауылдық округ әкімі аппараты» ММ   7 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.

   1.Мемлекет меншігіндегі сауда (конкурс, аукцион) талап етпейтін жер учаскелеріне құқық     

      беру;

  1. Жер учаскесін пайдалану мақсатын өзгерту туралы шешім беру;
  2. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін ұсыну.
  3. Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру.
  4. Жер учаскесінің бөлінуін және бөлінбеуін анықтау
  5. Жер учаскесін жеке меншікке біррет немесе бөліп төлеу арқылы сату
  6. Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту

          2024 жылдың он екі  айында  округ әкім аппаратымен 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  • Мемлекет меншігіндегі сауда (конкурс, аукцион) талап етпейтін жер учаскелеріне құқық

беру - 2

  • «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру – 7
  • Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту - 1
  • Тегін түрде 7 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі

        Тұрғындардың мемлекеттік қызмет алуының ыңғайлылығы үшін округ әкім аппаратында мемлекеттік қызмет оргтехникамен және мәліметтік тақталармен  жабдықталған бөлмеде көрсетіледі.

       Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аппараттық жиналыста, қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары, мемлекетік қызмет көрсету тәртібімен регламентің ұстау, мемлекетік қызмет көрсету уақытын сақтау  және дәстүрлі түрде мемлекетік қызмет көрсету сапасын арттыру жүргізіледі.

        Есептік уақытта мемлекетік қызмет көрсету уақытына және сапасына шағым жоқ. 2024 жылдың 03 қаңтарынан 26 желтоқсанға дейінгі уақытта мемлекетік қызмет көрсету бойынша бас тарту болған жоқ. Округ әкім аппаратында жеке және заңды тұлғалардың мемлекетік қызмет көрсету бойынша қолжетімділігін арттыру, қызметалушыларды қанағаттандыру мақсатында әрі қарай  жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.

       Округ әкім аппаратында қызметалушыларды қанағаттандыру бойынша келесі мақсат қойылған:

- қызметалушылардан өтініш қабылдаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен бекітілмеген құжат талап етпеу;

- мемлекеттік қызмет көрсету өтінішін уақытылы тіркеу;

- мүмкіндігін шектеулі тұлғаларға қажетті жағдай жасау;

- мемлекеттік қызмет көрсету  стандарты және регламентінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мәліметті  қызметалушыларға үнемі жеткізу      бойынша жұмыс жүргізу;

- халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін  мамандардың әдеп сақтауын қамтамасыз ету.