GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мәдениет
12 мая 2025
Жеңіс Күні.

2025 жылғы 9 мамырда Батпақты ауылдық округінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай Жеңіс саябағындағы арнайы орынға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Мәдениет
31 мая 2024
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

2024 жылғы 31 мамырда Батпақты ауылдық округінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өтті.Бір минут үнсіздікпен қатысушылар саяси қуғын-сүргін жылдарында қаза тапқандарды еске алды.                

26 марта 2024
Назар аударыңыз.

Облыста су тасқыны кезеңі жүріп жатыр. Каналдар мен арықтардағы су ағыны күрт артты. Жазатайым жағдайларды болдырмау үшін ата-аналар мен мектеп мұғалімдері балалармен қауіпсіздік шараларын өткізулеріңізді сұраймыз!

✅Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар!

28 февраля 2024
Пойыздар мен ұшақтардың жолаушыларына уақыт белдеуін өзгерткеннен кейін ұшу уақытын нақтылау үшін қайда хабарласу керек

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі өзінің ресми сайтында қызметтердің байланыстарын жариялады, онда 2024 жылғы 1 наурызда сағат ауысқаннан кейін пойыздар мен авиарейстердің жөнелту уақытын нақтылауға болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалысы бойынша барлық өзгерістер тасымалдаушылардың ресми сайттарында қол жетімді. Жолаушылар анықтамалық ақпаратты "Жолаушылар тасымалы" АҚ бірыңғай телефон қызметі арқылы 1433 нөмірі бойынша немесе @ktzh_pp_bot Telegram-ботының көмегімен тегін ала алады.

Air Astana, SCAT, Qazaq Air, Fly Arystan авиакомпаниялары авиабилеттерді сату жүйелеріне барлық қажетті өзгерістер енгізді. Жолаушыларға хабарлама жіберілді.

Әуе рейстері туралы ақпаратты авиакомпаниялардың сall-орталықтарынан алуға болады:

- Air Astana: (8-727) 244-44-77, (8-7172) 58-44-77, +7-702-702-44-77;

- Fly Arystan: (8-727) 331-10-10, +7-702-702-02-27 (WhatsApp);

- SCAT: (8-7252) 99-88-80;

- Qazaq Air: (8-727) 356-14-14.

29 ақпаннан 2 наурызға дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жедел штабының базасында (8-7172) 79-82-14, 79-82-13 нөмірлері бойынша жедел желі жұмыс істейтін болады.

2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт бірқатар өңірлерде 1 сағатқа артқа ауыстырылады. Бұл Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары. 1 наурыздан бастап елде тек бір – бесінші уақыт белдеуі болады.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

28 февраля 2024
ХҚКО мобильді қосымшасы қазақстандықтарға қызмет алуды жеңілдетуде

ХҚКО мобильді қосымшасымен арнайы ХҚКО-да алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш беру жеңілдетілді.

Енді азаматтар мұны қосымшаның «Бейне қызметі» батырмасы арқылы онлайн жасай алады.

Бұған дейін теорияны тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алып, кезекте тұруы, оператордан өтініш беріп, содан кейін ғана емтихан сыныбына өтуі қажет болатын. Енді бұл кезеңдерден өтудің қажеті жоқ. Клиент алдын ала бекітілген уақытта теориялық емтиханға тікелей келе алады. Ал теорияны сәтті тапсырғаннан кейін «ХҚКО» қосымшасы арқылы тәжірибелік емтиханға кезекке жазыла алады.

Бейне қоңырау арқылы кезекке тапсырыс беріп қана қоймай, жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін де бере алады. Оның ішінде медициналық анықтама, қызмет алушының фотосуреті, қойылған қолының үлгісі, автомектепті аяқтаған болса, оқығаны туралы анықтама, мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек бар. Барлық құжаттар диалогтық терезеде тіркелуі керек.

Арнайы ХҚКО кезегін брондаудың жаңа тәсілі Қазақстанда танымал. Іске қосылған сәттен бастап ел өңірлерінде мамандандырылған ХҚКО-ларда емтихан тапсыру кезегін брондауға 8 мыңнан астам өтінім келіп түсті.

Қолданбаны Google Play және App Store дүкендерінен жүктеуге болады. Оны 350 мыңға жуық қолданушы орнатқан.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ақпараты бойынша

26 января 2024
Осы QR бойынша Мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес алуға болады.

Осы QR бойынша өтіп, мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтар қоюға болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы