
Жұмылдыру дайындығы – бейбiт уақытта жүргiзiлетiн және соғыс уақытында мемлекеттi орнықты басқаруға, ел экономикасын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттiк органдарының және халқының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге ұйымдасқан түрде көшiруге, елдi қарулы қорғауға және оның қорғанысына, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенi.