«Шет ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Басшы: МЫҚЫШ КӨМЕК ҚАРЫБЕКҰЛЫ
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні Ұлттық архив қоры құжаттарын жинақтау, есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 22 желтоқсанындағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының аудан (қала) аумағындағы бөлігіне иелік етуге, пайдалануға билік етуге өкілеттігін жүргізу болып табылады.
Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
мемлекеттік мекемелердің бейініне сәйкес Ұлттық архив қорына кәсіпорындар мен ұйымдардың құжаттарын жинақтау;
уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша толықтыру көздері болып табылатын мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындардың тізімін жинақтау;
мемлекеттік мекеменің толықтыру көздері болып табылатын мекемелер,ұйымдар және кәсіпорындардың іс жүргізу, архив және сараптау қызметтерімен өзара іс-қимылдар жасау;
құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу: архивтік құжаттардың уақытша сақтау мерзімі аяқталған жағдайда, соның ішінде жойылған ұйымдардан келіп түскен жеке құрам бойынша құжаттарға; ерекше жағдайларда мемлекеттік мекемеге реттелмеген құжаттар келіп түскенде; архив қорларында сақтауға келмейтін құжаттар мен істер болған жағдайда;
нормативтік жағдай тудыру, температуралық-ылғалдылық, жарық, санитарлық-гигиеналық, күзетшілік режимдерді сақтау, өрт қауіпсіздігі және құжаттардың ұрлануы мен жоғалуына жол бермей, олардың қалыпты физикалық жай-күйін қамтамасыз ету арқылы көрінетін архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін іске асыру.
Эл.мекен жайы: shet-arhiv@mail.ru
Заңды мекен жайы: ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, ШЕТ АУДАНЫ, АҚСУ-АЮЛЫ селосы, ШОРТАНБАЙ ЖЫРАУ көшесі 73
8(71031)79014 Факс: 8(71031)21334