«Приозерск қаласының мемлекеттік архиві» КММ

Басшы: КЕҢЕСОВ ЖАЛМҰРАТ КЕҢЕСҰЛЫ
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 22 желтоқсанындағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының қала аумағындағы бөлігіне иелік етуге, пайдалануға билік етуге өкілеттігін жүргізу болып табылады.
Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
мемлекеттік мекеме бағдарына сәйкес Ұлттық архив қоры және таратылған ұйымдардың жеке құрам бойынша құжаттарымен толықтыру;
өкілетті орган белгілеген нысан бойынша толықтыру дереккөздері – ұйымдар тізімін жүргізу;
мемлекеттік мекемені толықтыру дереккөздері – ұйымдардың іс қағаздарын жүргізу, архив және сараптау қызметтерімен өзара әрекет ету, оларға іс қағаздарын жүргізу мен істерді қалыптастыру кезінде құжаттарды ұйымдастыруға, құжаттардың құндылығын сараптау, оларды Ұлттық архив қоры құрамына іріктеу және тұрақты сақтауға тапсыру дайындығы бойынша, жеке құрам бойынша құжаттарды реттеу жөнінде, іс қағаздарын жүргізу мен архив ісі мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар (құралдар) дайындау жөнінде, ұйымдардың іс қағаздарын жүргізу, архив және сараптау қызметтері жұмысын жетілдіру және аталған қызметтердегі жұмыскерлердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу: архивтік құжаттардың уақытша сақтау мерзімі аяқталған жағдайда, соның ішінде жойылған ұйымдардан келіп түскен жеке құрам бойынша құжаттарға, ерекше жағдайларда мемлекеттік мекемеге реттелмеген құжаттар келіп түскенде, архив қорларында сақтауға келмейтін құжаттар мен істер болған жағдайда;
нормативтік жағдай тудыру, оңтайлы (нормативті) температуралық-ылғалдылық, жарық, санитарлық-гигиеналық, күзетшілік режимдерді сақтау, өрт қауіпсіздігі және құжаттардың ұрлануы мен жоғалуына жол бермей, олардың қалыпты физикалық жай-күйін қамтамасыз ету арқылы көрінетін архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін іске асыру.
Эл. мекен-жайы: gosarkhiv1@mail.ru
Заңды мекен-жайы: 101100, Приозерск қаласы, Қарағанды облысы,
Достық көшесі, 23 үй
8 (71039) 53650
Әлеуметтік желілер:
Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100046925606770