«Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві» КММ

Қызмет

Басшы: АРШАБЕКОВ ТЕМІРҒАЛИ ТІЛЕУБЕКҰЛЫ

Мемлекеттiк мекеме қызметiнiң мәні Қазақстан Республикасының

Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 22 желтоқсанындағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының аудан (қала) аумағындағы бөлігіне иелік етуге, пайдалануға билік етуге өкілеттігін жүргізу болып табылады.

Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. Мемлекеттік мекеме бағдарына сәйкес Ұлттық архив қоры және таратылған ұйымдардың жеке құрам бойынша құжаттарымен толықтыру;
  2. Өкілетті орган белгілеген нысан бойынша толықтыру дереккөздері – ұйымдар тізімін жүргізу;
  3. Мемлекеттік мекемені толықтыру дереккөздері – ұйымдардың іс қағаздарын жүргізу, архив және сараптау қызметтерімен өзара әрекет ету, оларға іс қағаздарын жүргізу мен істерді қалыптастыру кезінде құжаттарды ұйымдастыруға, құжаттардың құндылығын сараптау, оларды Ұлттық архив қоры құрамына іріктеу және тұрақты сақтауға тапсыру дайындығы бойынша, жеке құрам бойынша құжаттарды реттеу жөнінде, іс қағаздарын жүргізу мен архив ісі мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар (құралдар) дайындау жөнінде, ұйымдардың іс қағаздарын жүргізу, мұрағат және сараптау қызметтері жұмысын жетілдіру және аталған қызметтердегі жұмыскерлердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
  4. Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу: архивтік құжаттардың уақытша сақтау мерзімі аяқталған жағдайда, соның ішінде жойылған ұйымдардан келіп түскен жеке құрам бойынша құжаттарға; ерекше жағдайларда мемлекеттік мекемеге реттелмеген құжаттар келіп түскенде; архив қорларында сақтауға келмейтін құжаттар мен істер болған жағдайда;
  5. Нормативтік жағдай тудыру, оңтайлы (нормативті) температуралық-ылғалдылық, жарық, санитарлық-гигиеналық, күзетшілік режимдерді сақтау, өрт қауіпсіздігі және құжаттардың ұрлануы мен жоғалуына жол бермей, олардың қалыпты физикалық жай-күйін қамтамасыз ету арқылы көрінетін архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін іске асыру;
  6. Құжаттарды мемлекеттік есепке алу және «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне архив қорларының саны, құрамы, сондай-ақ, сақтау бірліктерінің саны туралы мәлімет беру;
  7. Ғажайып әрі аса құнды құжаттарды айқындау және олардың есебін жүргізу, шағын фильмдеу және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып электрондық жеткізгіштегі қорды пайдалану жолымен олардың сақтандыру қорын құру;
  8. Ақпаратты іздеуді, оның ішінде архив құжаттарына және архив құжаттарының сипаттамасына анықтамалық-іздеу құралдарының электрондық жүйесін қамтамасыз ету үшін ғылыми-анықтамалық аппараты (анықтамалық-іздеу құралдары) құру және жетілдіру;
  9. Пайланаушыларға архив құжаттарына рұқсат беру, тақырыптық, тақтану және әлеуметтік – құқықтық сипаттағы сұранымдарды орындау;
  10. Архив құжаттарын қойып көрсету және жариялау, ғылыми және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мұрағаттық оқулар, толықтыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды есепке алу мен пайдалану мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
  11. Мұрағаттану, құжаттану, археография саласындағы ғылыми-зерттеу нәтижелерін және ғылыми-техникалық жетістіктерді мемлекеттік мекеменің жұмыс тәжерибесіне енгізу;
  12. Архивтік анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
  13. Ұлттық архив қорының құрамына жататын және жеке архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуына тексеріс нысанында және басқа да нысандарда жүргізілетін мемлекеттік бақылау бойынша «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі берген өкілеттікті жүзеге асыру;
  14. Архив ісі, құжаттау және құжаттаманы басқару саласындағы озық жұмыс тәжірибесін тарату.

Эл.поштасы: karaganda_ntd@mail.ru

Заңды мекен-жайы: ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ, ҚАЗЫБЕК БИ ауданы, ГОГОЛЯ көшесі, 34.

Тел.: 8 (7212) 568073 факс     300704