«Тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі орталығы» КМҚК
Басшысы – Тулеуов Түлкібай Сақтағанұлы
1992 жылы «Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» КММ «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі заңының негізінде құрылды.
Қарағанды облыстық «тарихи-мәдени мұраларды сақтау орталығы» КММ Қарағанды облысы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, есепке алу, қайта қалпына келтіру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, оларды насихаттау, тарихи орталықтарды қайта жаңғырту, қалалар мен басқа да елді-мекендердегі екерткіштерді жоспарлау, салу және қайта құру жұмыстарын жүзеге асырады.
Қарағанды облысы аумағында археологиялық және сәулет ескерткіштерінің саны мен алуан түрлілігі жағынан бай өлке болып табылады. Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерінің 22 республикалық, 1538 мемлекеттік қорғау тізіміне және алдын ала есепке алынған 2700 ескерткіш бар. Тарихи-мәдени ескерткіштерінің көп бөлігін археологиялық ескерткіштері құрайды.
Сондықтан археологиялық объектілерді сақтау, анықтау және мемлекеттік қорғауға алу маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Кейінгі жылдары Орталық Қазақстан аумағында «Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының жетекшілігімен 50 археологиялық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Зерттеу жұмыстары барысында 800 жуық археологиялық және діни архитектуралық ескерткіштері анықталып, есепке алынды.
Негізгі міндеттері:
-тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау, насихаттау және пайдалану, тарихи орталықтарды, қаланың және облыстың басқа елді-мекендерінің тарихи құрылыс аудандарын жаңарту бойынша жұмыстарды атқару;
-тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңнамасын орындау;
-Қазақ халқының және әлемдік мәдениеттің тарихи-мәдени мұраларын мақсатты түрде насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпаққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру.
Мекеме қызметінің негізгі бағыттары:
-тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану ісіндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатындағы жергілікті бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
-тарихи-мәдени ескерткіштерде ғылыми-зерттеу және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
-ескерткіштерді есепке алу, қорғау, сақтау, қалпына келтіру және пайдалану мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу мекемелерімен, қала құрылысы және сәулет ұйымдарымен, ескерткіштерді қорғау қоғамдарымен, жергілікті атқару органдарымен, басқа мүдделі тұлғалар мен ұйымдармен өзара іс-әрекет жасау;
-қорғау аймақтарында орналасқан ескерткіштеріне арнайы жүргізілетін барлық жұмыс түрлерінің ғылыми-жобалық құжаттамасын қарауға және келісуге қатысу;
-ескерткіштерге мониторинг жүргізу және аудандардың тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімдерін, қорғау есебіне алу құжаттамасын әзірлеу;
-есептік құжаттама негізінде тарихи-мәдени мұра объектілерін мемлекеттік қорғауға алу жөнінде белгіленген тәртіп бойынша ұсыныстар енгізу және облыстың тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін дайындау;
-жер пайдаланушылар есебінен ескерткіштерді анықтау үшін алдын ала зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және шаруашылық мақсатында игеруге бөлінетін аумақтарды келісу;
-тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйі туралы анықтамаларды және ескерткіштерді тексеру актісін дайындауға қатысу;
-тарихи-мәдени ескерткіштеріне қорғау тақталарын дайындау және орнату жұмыстарын ұйымдастыру;
-тарих және мәдениет ескерткіштері жөніндегі облыстық комиссияның жұмысына қатысу;
-тарих және мәдениет ескерткіштерге қауіп төндіретін құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру немесе тыйым салу, ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалану туралы заңдардың талаптарын бұзушы лауазымды тұлғаларды, кәсіпорындарды, мекемелерді, қоғамдық бірлестіктерді, ұйымдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы тиісті органдарға хабарлау туралы өкілетті органға ұсыныс дайындау;
-тарихи-мәдени мұралар жөніндегі материалдарды дайындау және баспадан шығару.
Байланыс телефоны: +7 (7212) 425019
Мекен-жайы: Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы 32, «Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» КММ
Facebook: https://www.facebook.com/tarihimurakrg
Instagram: https://www.instagram.com/tarihimura/
E-mail: karpamyatnik@yandex.ru