«Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры» КМҚК

Театр басшысы-Қалымов Құрман Өмірбекұлы
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының тарихы 1932 жылдан бастау алады. /ТРАМ-театр рабочей молодежи/ Театрдың негізін - қазақ театр өнерінің майталмандары, кейін талантымен-дарынымен бүкіл елге танылған, Қаз ССР-нің халық артистері Ж. Шашкина, М. Сүртібаев, Р. Қойшыбаева, А. Мұсабекова ҚазССР-нің еңбек сіңірген артистері Ә. Шаймерденов, З. Көшкімбаев, Т. Қосыбаева, З. Жақыпов, А. Ыбыраев, М. Әбдікәрімов, сондай-ақ артистер М. Бектенов, Т. Сағынтаев, Ө. Тойбаев, Б. Шалов, Н. Жабаев, Е. Мұқсынов, Т. Илиясов, К. Көлбаева, К. Мұстафин, М. Баязитова, А. Жетімтаев, Ұ. Әбеуова, К. Ахметова, Ж. Қартабаева, Ө. Мананбаев, К. Түлкібаев, К. Нұғыманов, Н. Камалов, А. Салықов, М. Мұқатаева, М. Николаева, Ж. Әукенова, Т. Әбілқасымов, К. Ғабдуллина, Б. Қоскеқызы сынды өнерлі жандар қалап, еңбек етті.
Әр жылдары театрда көптеген талантты актерлер мен режиссерлер қызмет етті. Әлемдік және қазақ классикалық драматургиялық шығармалары сахнаға шығарылды.
Алғашқы режиссерлер М.Қосыбаев, М.Қамбаров, Ж.Есенбеков, А.Сәлімбаев, Т.Тұңғышбаев, Ж.Омаров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерілері Е.Тәпеновтер болса, әр жылдары Қазақстанның халық артистері Қ.Сатаев, Ә. Абылаева, Ә. Молдабеков, Ж.Медетбаев, ҚР еңбек сіңірген артистері Ө. Асылбеков, Б. Имашева, Қ.Әлімбаева, Е. Жүнісбеков, Ш.Жунусов, Р.Омарханова, Р.Баймағамбетов, К.Жұмабеков, С.Қажымұратұлы, Қ.Асқарова, Р.Тәжібаева, К.Қожахметова, Б. Сейітмамытов театрымызда еңбек етті.
1982 жылы театрымыздың құрылғанына 50 жыл толу қарсаңында «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.
1986 жылы С. Жүнісовтың «Өліара» пьесасын сахналаған шығармашылық топ ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Е. Тәпенов, С. Қажымұратұлы, суретші М. Мақсұтов, актер К. Жұмабеков ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Бүгінгі таңда театр репертуары ұлттық, әлемдік классикалық драматургтерімен қатар, заманауи драмалармен толысқан.
Театрымыз гастрольдік сапарлармен Өзбекстан мен Қарақалпақстан, Түрікменстан елдерімен қатар, Каир, Ялта, Минск, Баку, Түркия, Сербия, Қазан, Румыния, Македония, Азербайджан елдерінде тәуелсіз еліміздің көк байрағын желбіретіп, қазақ театр өнерінің шығармашылық кеңістігін кеңейтуде.
Руханият әлемінің биік шыңы, қоғамның идеологиясын алға сүйреуші күш-Мәдениет! Театрдың жеткен жетістіктері мен еңбектері еленіп, өнегелі өнер ордасы 2019 жылы 25 қазанда «Академиялық» атаққа қол жеткізді.
Халықтар достығы орденді С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры алдағы уақытта да қазақ театр өнері мен мәдениетін дамытуға, «Рухани жаңғыру» ісіне өзіндік үлесін қосып осы бағытта ынтымақ пен бірлікте еңбек ететін шығармашылық потенциалды ұжым.
ТЕХНИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА:
Ғимараттың көлемі-15109,7 кв.м.
Ғимараттың қабаты-5 қабат.
Көрермен залындағы орын Үлкен зал 542+64(балкон)
Кіші зал 136+ 26(балкон)
Байланыстар:
Мекен-жайымыз: Қарағанды қаласы, Бұхар - Жырау көшесі 25/1,
Телефон:
Басшының қабылдау бөлмесі: +7 7212 420298
Анықтама: +77212413989, +77212420297
Сайт: www.seyfullin.kz
Instagram:@seyfullin.theatre
Facebook: https://fb.watch/1wzzOMALFo/
E-mail: seyfullin_teatry@mail.ru