Білім беру нысандары

Шет ауданы, Ағадыр кентінде Ермеков ат. орта мектепке қосымша ғимарат құрылысы

Орта мектеп-интернатқа жапсарлас құрылыс салу Ақадыр кентіндегі Абай көшесі 1 бойындағы қолданыстағы мектеп –интернат аумағында жоспарлануда.  Жоба құрамына оқушылардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына арналған спорт залы және мектептің оқушылары мен оқытушылар құрамын тамақтандыруға арналған 100 орындық асханасы кіреді.

Жаңаарқа ауданы Актүбек ауылдық округінде орналасқан мектепке 150 орынды жапсарлас спорт зал құрылысы

Орта мектеп-интернатқа жапсарлас құрылыс салу Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылдық округі, Ақтүбек ауылы, Бәйтерек көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан қолданыстағы мектеп аумағында жоспарлануда.

Жобамен спорт залын қолданыстағы мектепке жапсарлас салу қарастырылған. Қосымша ғимарат мектеп ғимаратына өту үшін галереясы бар екі қабатты.