19–20 маусым күндері жаздың басты оқиғасы – BALQASH TOUR FEST 2026 фестивалі өтеді!
Осы аптаның 19–20 маусым күндері жаздың басты оқиғасы – BALQASH TOUR FEST 2026 фестивалі өтеді!
Балқаш көлінің жағалауы тағы да жарқын әсерлердің, музыка мен спорттың, белсенді демалыстың орталығына айналады.
Биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі – фестиваль аумағы бүкіл жаз маусымы бойы жұмыс істейтін болады. Балқаштағы мәдени алаңдарда әр демалыс сайын концерттер, спорттық жарыстар және демалушыларға арналған ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Фестиваль кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқару қызметтері мен арнайы техника күшейтілген режимде жұмыс істейді. Көл акваториясында және жағалау аймағында кезекшілік ұйымдастырылады. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерлері де күшейтілген режимге көшеді.
BALQASH TOUR FEST сахнасында қазақстандық танымал өнерпаздар өнер көрсетеді:
• Miras Zhugunussov
• Ayau
• 6ELLUCCI
• Domino
• Nurlan & Murat
• Qazaq Band
BALQASH TOUR FEST – бұл жай ғана фестиваль емес, жаз бойы қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын нағыз демалыс орталығы.