Республикалық телеканалда бірінші орын иеленді

«КТК» телеарнасы апта сайын өткізіп келе жатқан «Кел, шырқайық!» бағдарламасының 21 қаңтардағы шығарылымына арнайы барып қатысқан қарқаралылық «Арқа әжелері» ардагерлер ансамблі І орын алып, мәртебелері үстем болды.
Былтыр осы бағдарламада үздік шыққан ардагер ұстаз Бижамал Мырзаханқызы жолбасшы болып апарған ардагер өнерпаздарымыз - Қосман Мерсалимов (баянда), Жібек Ахмадиева, Нюра Омарова, Сақып Сағымбаева, Әлимаш Әлпейісовалар халық әні «Айқаракөзді» әдемі шырқап, топтан озып шыққан.
Ауданымыздың атынан барған ардагерлеріміздің өнері қазылар тарапынан жоғары бағаланып, жеңімпаз атанды.
Айта кетсек, аталмыш бағдарлама әуесқой әншілер арасында өткізіліп, көне әндерді жаңғыртып, ұлттық дәстүрді насихаттауға бағытталған.
Қызмет бағыты