«Қарқаралы ауданының спорт орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын құру туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2017 жылғы 28 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы №103 бұйрығына сәйкес Қарқаралы қаласында «Қарқаралы ауданының спорт орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын ашу жоспарланып отыр.
Қарқаралы ауданының спорт орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ашылған жағдайда аудан бойынша келесі қызметті көрсететін болады. Халық арасында мәдени-тынығу жұмыстарын өткізу, тұрғылықты тұрғындардың дене шынықтыру мен спортпен айналысуға қажетті жағдай жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Спорт объектілерінің қызметі (баскетбол, волейбол, шағын- футбол, футбол, бокс, жеңіл атлетика, гір спорты, армрестлинг, күрестің барлық түрлері, «қазақ күресі», «асық ату», «тоғызқұмалақ», шахмат, дойбы, үстел теннисі, және басқа спорт түрлері бойынша секциялар).
Осыған байланысты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ашу үшін бірінші кезекте жоғарыда аталған қызмет түрлерімен мемлекеттік жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы мемлекеттік кәсіпорындарды құру туралы ұсыныс қабылданатындығы туралы мәлімдейміз. Мемлекеттік-жекешілік әріптестік арқылы кәсіпорынды құруға қызығушылық ниетін білдірушілердің ұсыныстары «Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қабылдайды. Мекенжайы: Қарқаралы қаласы, Ә.Бөкейханов көшесі, №55 ғимарат байланыс телефоны: 8(72146)32164.